31 тамыз 2016 | 12:40

Қазақстанның ұлттық бренді пайда болады

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы ұлттық брендті анықтау үшін байқау жарияланды. Бұл туралы ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің Facеbook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы ұлттық брендті анықтау үшін байқау жарияланды. Бұл туралы ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің Facеbook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі әлемде елдік брендинг мемлекеттің инвестициялық және туристік тартымдылығының деңгейін айқындап, өндіретін тауарларының танымал болуына, халықаралық аренадағы беделіне, тіпті жаһандық еңбек бөлінісінен орын алуына да ықпал ететіні белгілі.

Реклама
Реклама

"Әрине, сапалы елдік брендингке қашан да сол мемлекеттің шынайы жетістіктері негіз болмақ. Бұл дегеніміз халықтың білім деңгейі, инфрақұрылымды дамыту көрсеткіші, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тиімділігі, спорттағы және басқа да жетістіктері. Сонымен қатар, елдің имиджін сауатты түрде ілгерілету үшін онымен байланысты образдар, идеялар мен ассоциациялар креативті, қайталанбас әрі жадыңда жатталып қалатын символикамен біте қайнасуы керек. Осындай іргелі істі біздің еліміз де қолға алуда. Атап айтқанда, бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі конкурс басталады.", - деп жазды министр.

© Facebook иллюстрациясы/Дәурен Абаев

Айта кетейік, байқауға ұсынылған жұмыстарды жинақтау министрліктің сайтында (https://mic.gov.kz/kk/competition) бір ай бойы жүргізіледі. Өтініммен бірге логотип, ұран, еркін формада жазылған және жұмыстың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін қысқаша тұжырымдама жолдануы тиіс.

Министрдің айтуынша, байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші – интернетте дауыс беру. Өтінімдерді жинаудың қорытындысы бойынша 15 күн ішінде жұртшылық олардың арасынан үздік дегенін таңдайды. Екінші – интернетте дауыс беру нәтижесінде іріктелген үздік жұмыстар (ең көбі -10 жұмыс) Сарапшылық кеңес алдында таныстырылады. Кеңеске танымал қоғамдық және саяси қайраткерлер, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, сонымен бірге отандық және халықаралық сарапшылар енеді.

"Байқауға мамандығына, заңды мәртебесіне, жасы мен азаматтығына қарамастан, кез келген адам қатыса алады. Жеңімпаз 5 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады, - деді Дәурен Абаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная