Қазақстанның Ұлттық қорында қанша ақша бар?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қазақстанның Ұлттық қорында қанша ақша бар? Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық қордың валюталық активтерінің шілдедегі көлемі 53,3 миллиард доллар болса, ал 31 тамыздағы дерек бойынша 53,8 миллиард доллар.

"Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балаларға мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына ұстау ұсынылып отыр. Кәмелетке толған кезде жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады.

Жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу тапсырылды. Осыған байланысты бұл жұмыстың тетігі мен ережелерін үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп пысықтағаннан кейін жариялайды", - деді министрлік.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама