Қазақстанның үш өңірінде жолдар жабылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: pixabay

31 наурызда таңертең Қазақстанның үш облысында төрт тасжол учаскесі жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 наурызда таңертең Қазақстанның үш облысында төрт тасжол учаскесі жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында Жезқазған-Петропавл тасжолының 377-440-шақырымында, Қостанай облысының шекарасынан Державинскіге дейінгі учаскеде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген.

Қарағанды ​​облысында бір учаске жабық: Жезқазған-Петропавл тасжолының 142-252-шақырымдары, Сарлық ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қостанай облысында екі учаске әлі де жабық:

  • Жезқазған-Петропавл тасжолының 252-340-шақырымы, Қарағанды ​​облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі учаске;
  • Жезқазған-Петропавл тасжолының 340-377-шақырымы, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама