Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгереді: министр ықтимал нұсқаларды атады

Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгереді: министр ықтимал нұсқаларды атады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда болашақ зейнетақы реформасын талқылау жалғасып жатыр. Маусым соңына дейін жұмыс тобы модельдердің бірін таңдап, содан кейін ортақ ұстаным үкіметке ұсынылуы тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда болашақ зейнетақы реформасын талқылау жалғасып жатыр. Маусым соңына дейін жұмыс тобы модельдердің бірін таңдап, содан кейін ортақ ұстаным үкіметке ұсынылуы тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, қазір жұмыс берушілердің 5 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналарына қатысты екі негізгі модель талқыланып жатыр.

Бірінші модельді "4+1" жүйесі ретінде белгілі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынып отыр. Ол жинақтаушы және сақтандыру зейнетақысын біріктіруді қарастырады. Еңбек министрлігі басшысының хабарлауынша, бұл схема бойынша қолданыстағы зейнетақы жинақтарына қосымша 4 пайыз азаматтардың жеке шоттарына, ал тағы 1 пайыз ортақ шотқа бағытталады.

Жарнама
Жарнама

Балама нұсқаны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұсынып отыр. Бұл жағдайда барлық қаражат ортақ шотқа түседі, содан кейін зейнетақы аударымдары бар азаматтар арасында бөлінеді.

"Бұл талқылаулар әлі де жүріп жатыр, жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Осы айдың соңына дейін қай жобаға тоқталатынымызды анықтауымыз керек. Ал шілде айының басында Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігімен бірлесіп, үкіметке ортақ ұстанымды енгіземіз", - деді Ертаев Сенат кулуарында.

Бұл ретте министр "4+1" моделін жеке өзі қолдайтынын мойындады.

"Жеке өзім "4+1" моделін қолдаймын, өйткені жоба өте дұрыс сияқты көрінеді. Сақтандыру зейнетақысын да құптаймын. Сондықтан талқылауларымыз айдың соңына дейін жалғасады. Келесі айдың басында неліктен дәл осы нұсқаға тоқтағанымды және оның артықшылығы неде екені туралы өз ұстанымымды айта аламын", - деп атап өтті ол.

Еңбек министрлігі басшысының сөзіне қарағанда, 2026 жылдың соңына дейін билік реформа моделін анықтап қана қоймай, қажетті заңнамалық өзгерістерді де дайындауға ниетті.

"Жыл соңына дейін біз жобаны таңдап қана қоймай, оны заңнамалық тұрғыда рәсімдейтін боламыз: заңдарға қандай өзгерістер енгізу қажеттігін анықтаймыз", - деді шенеунік.

Дегенмен, реформаны жүргізу мерзімі әзірге белгісіз. Асқарбек Ертаевтың айтуынша, жаңа жүйе келесі жылдан бастап па, әлде кейінірек пе, ол жағы әлі ашық сұрақ болып қалып отыр.

Министр жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары кезең-кезеңімен енгізілетінін еске салды. Қазір олардың мөлшерлемесі 3,5 пайызды құрайды, кейін ол 4 пайызға, 4,5 пайызға және соңында 5 пайызға дейін өседі.

Жаңа төлемдердің жұмыскерлердің жалақысына тигізуі мүмкін әсері туралы сұраққа жауап бере отырып, Ертаев бұл мәселеде ешқандай қауіп жоқ екенін айтты.

"Төлемнің бұл түрі әрбір азаматтың жалақысынан емес, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны нақты айқындалған", - деп түйіндеді Ертаев.

Бүгінде Қазақстандағы зейнетақы реформасы туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те пікір білдірді. Оның айтуынша, елдегі демографиялық өзгерістерге байланысты зейнетақы жүйесін жаңа шындыққа бейімдеу қажет.

Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер талқыланып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Ұсынылып отырған зейнетақы реформасының бір нұсқасы - "4 + 1" моделі. Ол жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының бір бөлігін қазақстандықтардың жеке шотына, ал бір бөлігін өмір бойы төленетін төлемдер үшін ортақ зейнетақы шотына аударуды көздейді. Толығырақ материалдан оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама