19 қаңтар 2024 | 14:15

"Қазақтелеком" ұялы байланыс операторын сату жоспары жоқ екенін мәлімдеді

Фото:gov.kz

"Қазақтелеком" компанияға тиесілі ұялы байланыс операторларының бірін сатуды жоспарламайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақтелеком" компанияға тиесілі ұялы байланыс операторларының бірін сатуды жоспарламайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта компанияда ұялы байланыс операторларының бірін сату жоспары жоқ. Егер негізгі стратегиялық шешімдерге жауапты директорлар кеңесі операторлардың бірін нарыққа шығару бойынша менеджмент осы мәселені зерделейді. Бүгінде нарық өкілдері тарапынан компанияға мобильді операторлардың бірін сатып алу туралы ұсыныстар түскен жоқ", - деп хабарлады "Қазақтелеком" Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта.

Бұл ретте 18 қаңтарда экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысында үкімет "Қазақтелеком" ұялы байланыс операторларының бірін жаңа инвесторға беру мәселесін талқылады.

Реклама
Реклама

"Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұялы байланыс операторларының бірін сату туралы талқылаулар көптен бері жүріп жатыр. 2023 жылдың қарашасында министр Бағдат Мусиннен қай байланыс операторы және "Қазақтелекомнан" қашан шығатыны туралы сұрақ қойылған болатын. Ведомство басшысы "Қазақтелекомға" сілтеме жасап, екі компания келіссөз жүргізіп жатыр деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная