“Қазақтелекомға“ қарсы Интернет бағасына байланысты тергеу басталды - БҚДА

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) бәсекелестік деңгейін айқындау және тауар нарығына қолжетімді ету кезіндегі кедергілерін жоюға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында сымды (тіркелген) Интернет қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін жоспарлы талдауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта сымды интернет нарығы жоғары шоғырланған, мұнда жиынтық үстем жағдайға "Қазақтелеком" АҚ және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ие.

"Талдау аясында байланыс операторларының интернет қызметтеріне бағасының динамикасы зерттелді. Талдау нәтижелері бойынша "Қазақтелеком" АҚ-ның іс-әрекеттерінде тауарға монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Осыған байланысты агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды тергеп-тексеру рәсімін бастады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, БҚДА уәкілетті мемлекеттік органдарға басқа байланыс операторларының тұрғын үйлерге кіруіне кедергілерді жою бойынша ұсыныстар жіберді.

"Талдау барысында агенттік қызмет көрсету кезінде бөгде байланыс операторларының көппәтерлі тұрғын үйлерге кіруіне, сондай-ақ кабельдік кәріз желілеріне қосылудың техникалық шарттары туралы ақпарат алуды қиындататын кедергілерді анықтады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная