“Қазақтелекомға“ қатысты тергеу басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БДҚА) "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты тергеуді бастады. Бұған интернет бағасының қымбаттауы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Агенттік жүргізген талдау аясында байланыс операторларының сымды интернет қызметтеріне баға динамикасы зерттелген.

"Қазақтелеком" АҚ әрекеттерінде қызмет құнына монополиялық жоғары баға қою белгілері байқалды. Мәселен, 2024 жылы оператордың интернетке қол жеткізу тарифтерінде жылдамдығы 100 Мбит/сек, 200 Мбит/сек және 500 Мбит/сек бағаның өсу қарқыны 20 пайызға дейін жетті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты қазіргі уақытта агенттік аталған операторға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама