ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2018 | 16:11
Қазанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, қазан айының басында салқын және ылғалды ауа массасының ағынымен тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасының түнде 0...5 аязға дейін, күндіз 7...15 жылыға дейін төмендеуімен жауын-шашын; оңтүстік-шығыста - ауа температурасы түнде 7...12 жылы, күндіз 17...25 жылы найзағайлы жаңбыр күтіледі. Орта Азиядан келетін жылу Қазақстанның көптеген облыстарының тұрғындарын жылумен және шуақты күнмен қуантады. Күндіз термометр бағаны: солтүстік бөлігінде +15…+22 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде + 23…+28 градусқа дейін көтеріледі", - деді синоптиктер.
Алайда біраз күннен соң ауа райының өзгеретіні айтылады.
"3-4 қазан аралығындағы кезеңде еліміздің батыс өңірінде циклон әсерінен найзағайлы жаңбыр өтеді, ол ақырындап шығыс бағытта жылжиды, жауын-шашын аясы бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Қазақстанның басқа облыстарын да қамтиды. Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, суықтың кезекті қарқынды толқыны үшінші онкүндіктің ортасында күту қажет, онда термометр бағаны: солтүстік бөлігіндетүнде 5...10 аязға дейін, күндіз 0...5 аязға дейін; оңтүстік бөлігінде түнде 0...5 аязға дейін, күндіз 10...18 аязға дейін төмендейді", - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Ал жауын-шашынның айлық мөлшері Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде нормадан көп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облысының үлкен бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Алматы облысының кей жерлерінде норма шамасында, қалған аумақтарда нормадан төмен болатыны айтылады.
Показать комментарии
Читайте также