Алматы облысында былтыр қазаннан бері 16 жастағы студент із-түзсіз жоғалып кеткен. Жасөспірім туралы ақпаратты LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Щербинин Денис Валерьевич, 2009 жылғы 13 желтоқсанда туған, 2025 жылғы 2 қазанда жоғалып кеткен. Жасөспірім сол күні шамамен сағат 15:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы, Орымбетова көшесі, 85-үймекенжайында орналасқан кәсіптік колледжден шығып, қайта оралмаған.
Белгілері: бойы 170–175 сантиметр, арықша денелі, шашы қара. Киімі: қара-көк түсті күртеше, сұр түсті қалың жейде, қара шалбар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!