“Қазатомөнеркәсіп“ 2025 жылдың жарты жылдығын қорытындылады

Фото: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

"Қазатомөнеркәсіп" 2025 жылдың алғашқы алты айындағы тұрақты өндірістік және қаржылық нәтижелері бойынша есебін жариялады. Мұнда уран өндірісі 12 242 тоннаға жетіп, сатылым көлемі 7 625 тоннаны құраған.

"Қазатомөнеркәсіп" 2025 жылдың алғашқы алты айындағы тұрақты өндірістік және қаржылық нәтижелері бойынша есебін жариялады. Мұнда уран өндірісі 12 242 тоннаға жетіп, сатылым көлемі 7 625 тоннаны құраған.

Компанияның мәлімдеуінше, жиындық түсім 660 миллиард теңгеден асты, ал операциялық пайда 12 пайызға өсіп, 253 миллиард теңгеге жетті. Мемлекеттік бюджетке 400 миллиард теңгеден астам қаржыаударылды.

Сондай-ақ Түркістан облысында уран барлау жұмыстарына лицензия алынып, жаңа учаскелерде геологиялық барлау жүргізу арқылы компания ресурстық базаны дамытуда.

Реклама
Реклама

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Иордания, Словакия, Румыния, Швейцария және Чехиялық серіктестермен келісімдер жасалды. Отандық тауар өндірушілермен 1,2 миллиард теңгеге оффтейк-келісімшарттарға қол қойылды.

"Қазатомөнеркәсіп" Murager және Izbasar білім беру бағдарламаларын жалғастырып, ҚБТУ базасында "Уран ісі" бакалавриат бағдарламасын іске қосты. Осылайша, еліміздегі үздік үш жұмыс берушінің қатарына кірді.

Әлем бойынша "Қазатомөнеркәсіп" табиғи уран өндірушілер қатарындағы мәртебесі биік өндіріс ошағы.

Tengrinews
Материалды "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ ұсынды
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама