ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2021 | 16:43
"Қазавиақұтқару" тікұшағы Нұр-Сұлтаннан 100 шақырым жерде апатты жағдайда қонды
Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға көтерілген "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы елордадан 100 шақырым жерде апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметі растады.

"2021 жылғы 26 қарашада ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша "Нұр-Сұлтан – Екібастұз" бағытында шыққан. Алайда Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек елді мекенінің аумағында мәжбүрлі түрде қонды (Нұр-Сұлтан қаласынан шамамен 100 км)", - АҚ баспасөз қызметіндегілер.
Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды.
"Мәжбүрлі қонудың алдын ала себебі - оң қозғалтқыштың тербелісі. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж бен дәрігерлер резервтік әуекемесімен шығарылды", - деп түсіндірді "Қазавиақұтқару" АҚ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также