05 мамыр 2022 | 12:27

"ҚазАвтоЖол" "Алтын Орда" маңындағы жаңа жолда неге белгі қойылмағанын түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: elements.envato.com

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы қаласындағы "Алтын Орда" базарының маңындағы жол учаскесінде неге тиісті жол белгілері қойылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы қаласындағы "Алтын Орда" базарының маңындағы жол учаскесінде неге тиісті жол белгілері қойылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, жол құрылысы өткен жылдың соңында аяқталған болатын.

Ұлттық компанияның мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабаты әлі толық аяқталмаған.

Реклама
Реклама

"2021 жылдың қарашасында бас магистральды эстакада құрылысы аяқталған кезде уақытша жол белгісі қойылды. 2022 жылы асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты уақытша белгі қойылмайды. Тұрақты жол белгілерін салу жұмыс толық аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады", - деді "ҚазАвтоЖол".

Сонымен қатар, компания салынған жол бойындағы қоқысты кім тазалайтынын айтты.

"Бұл жол бойында бірқатар ірі базар мен сауда орталығы бар. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы күн сайын бөлу жолағындағы қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жолдың оңтүстік жағы Алматы қаласының аумағына, солтүстік жағы Алматы облысының Қарасай ауданына жатады", - деді компанияның баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная