21 сәуір 2022 | 09:27

"ҚазАвтоЖол" БҚО-да жол жөндеу жұмыстарына неге 20,4 миллиард теңге бөлінгенін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото uralskweek.kz сайтынан

Батыс Қазақстан облысындағы Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы учаскесіндегі Ақсай тасжолы түпкілікті ретке келтірілмек. Бұл жаңалық жұртшылықты қуантты, бірақ сонымен бірге бұл жоба неге сонша қымбат деп алаңдаулы. "ҚазАвтоЖол" ҰК мұндай ақша неліктен қажет екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Уральскую неделя" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысындағы Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы учаскесіндегі Ақсай тасжолы түпкілікті ретке келтірілмек. Бұл жаңалық жұртшылықты қуантты, бірақ сонымен бірге бұл жоба неге сонша қымбат деп алаңдаулы. "ҚазАвтоЖол" ҰК мұндай ақша неліктен қажет екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Уральскую неделя" басылымына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын "Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" тасжолының 36 шақырымын қайта жаңартуға мемлекеттік тапсырыс өткізу туралы хабарландыруды "ҚазАвтоЖол" ҰК Батыс Қазақстан филиалы жариялаған болатын. Жобаның құны - 20,4 миллиард теңге, әлеуетті мердігерлерден өтінім қабылдау жалғасып жатыр.

Қоғам жобаның қымбаттығына наразы, әлеуметтік желілерде адамдар мұндай ақшаға жол учаскесін қайта құрып қана қоймай, нөлден бастап автомобиль жолын (бетон қоршауы бар) салуға болады деген пікір білдірді.

Реклама
Реклама

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметінің мәліметінше, қайта құру жобасы бойынша жалпы ұзындығы 144 км трассаны қайта жаңартуды бастау үшін барлық қажетті дайындық рәсімдері жүргізілді.

"Аталған учаскенің құнына: қолданыстағы жолды толық бөлшектеу, жаңа 100 су өткізу құбырын салу, 5 көпірді қайта жаңарту, 2 жаңа көлік айырымын, 14 мал айдау орны, 4 демалыс алаңын салу және жол төсемінің жаңа конструктивті қабаттарын салу арқылы жолды қайта жаңарту кіреді. Сонымен қатар, құрылыс құнына жалпы Батыс Қазақстан облысы бойынша тас карьерлерінің жоқтығы да әсер етеді. Тиісінше, жол-құрылыс материалдарының барлық көлемі сырттан әкелінеді. Естеріңізге сала кетейік, материалдар көршілес Ақтөбе облысынан жеткізіледі", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі.

Ведомство қайта жаңартудан кейін тасжол III-тен ІІ техникалық санатқа ауысатынын атап өтті. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы "Мемсараптама" РМК-мен бекітілген. Жолдағы жұмыстар биыл басталып, 2025 жылы аяқталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная