27 тамыз 2022 | 12:31

"ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бір компанияға біріктірілді - ИИДМ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/kazautozhol

"ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бірыңғай жол компаниясына біріктірілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бірыңғай жол компаниясына біріктірілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Жобада "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы "Казахавтодор" ЖШС-дағы мемлекеттік үлесті сатып алу жолымен ұлттық компанияны Бірыңғай автожол операторы ретінде қайта құру қарастырылған.

"Осылайша, қазіргі уақытта "ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бірыңғай жол компаниясына біріктірілді. Қолға алынған шаралар республикалық маңызы бар жолдарды тәулік бойы күтіп ұстауды қамтамасыз етуде жедел әрі нақты шешім қабылдауға үлкен септігін тигізбек", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, биыл шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодорды" біріктіріп, біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная