12 шілде 2022 12:49

"Қазфосфат" зауытындағы ТЖ: кәсіпорында жоспардан тыс тексеріс басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Таразда "Қазфосфат" серіктестігінің жергілікті филиалына жоспардан тыс тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда "Қазфосфат" серіктестігінің жергілікті филиалына жоспардан тыс тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Тексеріс кәсіпорындағы моногидратты сорғы істен шығып, салдарынан Таразды тұман басқаннан кейін тағайындалған.

"Зертханалық құралдармен қайта жарақтанып, Polar газ анализаторын алған департамент қызметкерлері, сонынан прокуратура органдарында тіркелетін, күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізу үшін, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің негізінде "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар ЖШС-на жоспардан тыс тексеруге барды, алайда өлшеу кезінде цех жұмысын тоқтатып, үрлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатты, осы орайда ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ.

Жоспардан тыс тексеріс барысында, штаттан тыс болған жағдайдың мән-жайын және себептерін анықтау үшін камеральдық бақылау жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы ақпарат ол тіркелгеннен кейін қосымша жіберіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта департамент және Қазгидромет мамандары бірлесіп атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізіп жатқаны айтылды.

Еске салайық, 11 шілдеде кешке "Қазфосфат" зауытындағы төтенше жағдай салдарынан Таразды тұман басқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram