Қазгидромет Ақтөбе мен Орал тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Ақтөбе мен Орал тұрғындарына ескерту жасады Иллюстрациялық фото:depositphotos.com

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат алдағы сенбіге арналған ауа сапасының болжамына қатысты.

"2 мамырда Ақтөбе, Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.

Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар көбіне жел болмауы, тұман және ауа инверсиясы кезінде туындайды. Соның салдарынан зиян қоспалар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай күндері тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге, әсіресе, көлік көп қатынайтын жерлерден аулақ болуға кеңес беріледі. Балалар, жүкті әйелдер және созылмалы сырқаты бар адамдар ерекше сақ болғаны жөн.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама