ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 сәуір 2025 09:24
Қазгидромет Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады
Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"25 сәуірде Өскемен, Атырау, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін 24, 25 және 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Қазақстанда алдағы күндері үсік жүруі мүмкін екені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу