Қазгидромет Алматы мен тағы 4 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы мен тағы 4 қаланың тұрғындарына ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"21 сәуірде Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 19, 20, 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің бұған дейінгі мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына ығысып, салдарынан ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбырдың арты қарға ұласады. Тіпті оңтүстік аймақтардың тұрғындары да суықты сезінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама