Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады Фото:depositphotos.com

Қазгидромет Алматы мен басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 30 маусымда Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау, Петропавлда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама