Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" Алматы тұрғындарына ауа сапасына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" Алматы тұрғындарына ауа сапасына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, сенбі, 30 мамыр күні қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін. Мұндай кезде ауадағы зиянды заттар жерге жақын қабатта жиналып, ластану деңгейі артуы ықтимал.

"30 мамырда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдай көбіне желдің баяулауы, тұман, ауа инверсиясы сияқты табиғи құбылыстар кезінде пайда болады. Соның салдарынан қала ауасындағы ластаушы заттардың таралуы қиындайды.

Алматыда сенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 29-31 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы құбылып, найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын хабарлаған еді. Сонымен қатар ел аумағында ауа температурасының көтерілуі күтіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама