Қазгидромет Астана, Алматы және тағы 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Астана, Алматы және тағы 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

"Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қала тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қала тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат ауа сапасы болжамына қатысты.

"20 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Синоптиктер мәліметінше, 20 наурызда Астанада күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -8...-10 градус, күндіз +3...+5 градус жылы.

Алматыда 20 наурызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +14...+16 градус жылы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама