ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 наурыз 2026 09:42
Қазгидромет Астана, Алматы және тағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жасады
"Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпарат ауа сапасының болжамына қатысты.
"30 наурызда Алматы, Астана, Павлодар, Теміртау, Қарағанды қалаларында, түнде Қостанай мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада.
Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдайлар — бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, тымық) жиынтығы.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу