Қазгидромет Астана, Алматы және тағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Астана, Алматы және тағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады Алматы. Фото:depositphotos.com

Қазгидромет Астана, Алматы және тағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Астана, Алматы және тағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"7 маусымда Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Талдықорған қалаларында, түнде Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады", — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.

Жарнама
Жарнама

Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар көбіне жел болмауы, тұман және ауа инверсиясы кезінде туындайды. Соның салдарынан зиян қоспалар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай күндері тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге, әсіресе, көлік көп қатынайтын жерлерден аулақ болуға кеңес беріледі. Балалар, жүкті әйелдер және созылмалы сырқаты бар адамдар ерекше сақ болғаны жөн.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама