Қазгидромет Астана, Алматы, Қарағанды және тағы 10 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Астана, Алматы, Қарағанды және тағы 10 қаланың тұрғындарына ескерту жасады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" Астана, Алматы және басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат ауа сапасы болжамына қатысты.

"2 сәуірде Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдайлар — бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, тымық) жиынтығы.

Еске сала кетейік, Қазақстанның оңтүстігінде жылы көктемгі ауа райы күтіледі, ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте айтарлықтай салқын болады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыстың кейбір қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Шығыста жауын-шашын болжанбайды, таңертең кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама