ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 ақпан 2025 09:17
Қазгидромет Астана мен тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Қазгидромет Астана мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2025 жылғы 26 ақпанда Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу