Қазгидромет бірқатар қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет Астана, Алматы және тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Астана, Алматы және тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"19 қазанда Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы, Астана қалаларында, түнде Петропавл мен Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - ауаның беткі қабатында зиян заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман) жиынтығы.

Реклама
Реклама

Синоптиктер 19 қазанға арналған ауа райы болжамын да жариялады.

"Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды. Алайда атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен республиканың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жаңбыр, елдің шығысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, батыста қатты жаңбыр, оңтүстік-батыста найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсіп, батыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді деп күтіліп отыр", - дейді метеорологтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама