Қазгидромет мамырда Алматыда салыстырмалы түрде "суық" болу себебін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазгидромет Алматыда мамырдың "суық" болу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Алматыда мамырдың "суық" болу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, айдың бірінші онкүндігінің басы солтүстіктен суық ауа массаларының енуіне байланысты салыстырмалы түрде салқын болған.

"Бұл күндері ауа температурасы түнде 0-7 градус жылыға дейін, қаланың тау бөктерінде – 2 градус аязға дейін төмендеді, күндіз термометр бағандары 12-17 градус, қаланың солтүстік бөлігінде - шамамен +7 градус болды. Бұдан әрі суық антициклон орнына республиканың оңтүстік аудандарынан жылу келді, бұл қаладағы температуралық фонның жоғарылауына ықпал етті", - деді Қазгидромет өкілдері.

Реклама
Реклама

Жалпы, мамыр климаттық норма шегінде болған.

"Қаладағы орташа айлық ауа температурасы нормаға сәйкес келді (норма ..+17,1°C). Бір ай ішінде жауын-шашын 41,3 миллиметр болды, бұл нормадан екі есе аз (норма ..99 мм)", - деп толықтырды Қазгидромет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама