12 ақпан 2024 | 13:16

"Қазкоммерцбанктегі" қаражат ұрлау дерегі: 45 миллиард теңгенің мүлкіне бұғат қойылды

Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы ҚМАД қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау дерегі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, соталды тәркілеу рәсімін жүзеге асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы ҚМАД қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау дерегі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, соталды тәркілеу рәсімін жүзеге асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Соттың санкциясы бойынша, күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 миллиард теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлік құралдарына бұған қойылған.

Реклама
Реклама

"Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген. Сот шешімі бойынша, мүлік Алматы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная