16 наурыз 2020 | 16:33

"ҚазМұнайГаз"-дың екі қызметкерінен коронавирус табылды ма?

© REUTERS

"ҚазМұнайГаз"-дың екі қызметкерінің коронавирусқа тапсырған сараптамасы теріс болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз"-дың екі қызметкерінің коронавирусқа тапсырған сараптамасы теріс болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, қызметкерлер COVID-19 бар-жоғын анықтау үшін сараптама тапсырған, алайда оның нәтижелері теріс болып шыққан.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта олар карантинге жатқызылған.

"Бірінші кезекте жұртшылыққа Компанияның орталық аппаратының екі қызметкері коронавирустық инфекцияны жұктыруы мүмкін деген күдік болғанын хабарлауды жөн көрдік. Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге бір ұшақта болды. Екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған болатын", - делінген компанияның сайтында.

16 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған қызметкерлер анықталмады. ҚМГ-ның барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр дейді компаниядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная