11 сәуір 2023 | 14:19

"Қазмұнайгаз" Жаңаөзен мұнайшыларымен келіссөзден кейін мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ аппаратының басшысы Ерхан Омаров бастаған арнайы құрылған байланыс тобының мамандары Жаңаөзеннен Астанаға келген мұнайшылармен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ аппаратының басшысы Ерхан Омаров бастаған арнайы құрылған байланыс тобының мамандары Жаңаөзеннен Астанаға келген мұнайшылармен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзеннен келген жұмысшылар Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналған. Олар осыған дейін ҚМГ-нің еншілес компаниясы "Өзенмұнайгаз" АҚ үшін мұнай сервис қызметтерін көрсетуге арналған тендерде ұтылған "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері.

ҚМГ мамандарымен бірге келіссөзге "БерӘлі Маңғыстау Company" ЖШС және "Ai-Bis" ЖШС (тендерде жеңіске жеткен компания) басшылығы да қатысатыны айтылды. Жұмысшыларға жалақыларын сақтай отырып, "Ai-Bis" ЖШС және "Кезби" ЖШС (мұнай сервис қызметтерін көрсетеді) компанияларына жұмысқа орналастыру ұсынылды.

Реклама
Реклама

"Жұмысшылар басқа компанияға ауысқан кезде олардың бұрынғы еңбек жағдайы, соның ішінде жалақы мөлшері мен әлеуметтік пакеті сақталуы керек. Тендер қорытындысы бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ мердігері атанған компанияға осындай міндет қойып отырмыз. Алайда, құқықтық рәсімдерге сай әрекет ету керек, жұмысшылар мұны түсінуі қажет", - деді ҚМГ аппаратының басшысы Ерхан Омаров келіссөз барысында.

"БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері "Өзенмұнайгазға" жұмысқа тұрғызуды талап етіп, ұсынылған жұмыс орындарынан бас тартты.

Жиналған мұнайшыларға "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына қабылданған құқықтық рәсімдерді айналып өтіп, жұмысқа орналасу жөніндегі талап заңсыз екенін түсіндірді. Бұл Жаңаөзендегі жұмыссыздарды кезек бойынша аталған мекемеге жұмысқа орналастыру тәртібіне қайшы келеді. Бұл ережелер моноқала тұрғындарының талабына сай, жұмыс орындарын әділ бөлу үшін қабылданған.

Келіссөздер алдағы уақытта жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная