09 қаңтар 2024 11:12

"ҚазМұнайГаздан" дивиденд алу: прокурорлар қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы прокуратурасы "ҚазМұнайГаз" жаңа инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнамаға" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы "ҚазМұнайГаз" жаңа инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнамаға" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтаған.

"Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның мәліметіне сәйкес таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдап жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram