ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2024 | 15:38
"ҚазМұнайГазға" жарты миллиард теңге айыппұл салынды
"ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-қа монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жарты миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-қа монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жарты миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-қа қатысты 2023 жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша, акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану деректері анықталған.
"Осылайша, акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді, ал кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасады", - делінген хабарламада.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, департамент ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғаған.
"Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 миллион теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также