ПОДЕЛИТЬСЯ
09 маусым 2021 | 13:26
Қазнет қолданушылары ақылы жолдар туралы әзілдеді
Желіде Қазақстандағы ақылы жолдар туралы күлкілі ролик пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Қазақстандағы ақылы жолдар туралы күлкілі ролик пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеоға белгісіз екі ер адам түскен. Онда біреуі әлі жөнделмеген дала жолмен кетіп бара жатқан "Газель" жүргізушісін тоқтатып, әрі қарай қозғалуына рұқсат бермейді, өйткені жол ақылы болып кеткен. Тариф бойынша төлем жасау керек. Жүргізуші ақшасы жоқ екенін айтады. Екінші ер адам онда оған "Газельден" түс, шетке қоямыз" дейді. Бұл ретте алға да, артқа да жүруге болмайтыны айтылады. Ер адамдар ақшаны осы жолдың құрылысына жинап жатыр деп қалжыңдайды және осымен "ҚазАвтоЖол" (QazAvtoJol) айналысатынын айтады.
"ҚазАвтоЖол" өкілдері ролик авторларының әзілін бағалап, ақылы жолдарға тарифтер өзгермейтінін айтты.
"Биыл біз бес дайын жол учаскесін ақылы пайдалануға береміз, бірақ олар тексерілгеннен кейін ғана. Инспекция құрамында "ҚазАвтоЖол", Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Жол сапасы орталығы және басқа да өкілдер болады, тек содан кейін ғана пайдалануға береміз, тарифтер өзгеріссіз қалады, бұл мәселе қарастырылмайды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Компания өкілдері жеңіл автокөліктерге тариф - шақырымына бір теңге, ал жүк көліктеріне санатына қарай - шақырымына 5-тен 25 теңгеге дейін екенін еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также