ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2022 | 16:37
Қазнет қолданушыларын бұрынғы ауыл әкімінің зәулім коттеджі ашуландырды
Қазнетте Жамбыл облысындағы бұрынғы ауыл әкімінің зәулім коттеджі түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазнетте Жамбыл облысындағы бұрынғы ауыл әкімінің зәулім коттеджі түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бір күн бұрын әлеуметтік желіде Шу ауданына қарасты Жаңажол ауылы туралы шағын видео жарияланды. Видео авторы ауыл көшелерінің бірі мен онда орналасқан үйлерді көрсетеді. Видеодағы зәулім сарай бірден көзге түседі. Үй сырты мен қоршауы қымбат материалмен қапталған, ал коттедждің өзі көрші үйлерге қарағанда екі-үш есе аумақты алып жатыр.
Үй осы ауыл әкіміне тиесілі екені айтылған. Желі қолданушылары бұл дерекке қатысты түрлі пікір қалдырған.
"Жаңа мектептің орнына өзіне үй салып алған",
"Қарапайым адам: көп ұзамай мемлекеттік қызметкерлердің жұрттан бұлай ерекшеленуі ерсі болады",
"Бесжұлдызды Hilton сияқты",
"Бізде бұрыннан сондай: әкімнің үйі сосын басқалары",
"Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің үйін көрмепсіз: салыстырсақ бұл үй жазғы асхана сияқты болып қалады", - деп жазды Қазнет қолданушылары.
Зәулім үй шынымен де, әкімдікі болып шықты, бірақ бұрынғы әкім. Әңгіме осыған дейін Шу ауданындағы Ескішу және Жаңажол ауылдары әкімдіктерін басқарған Жапарқұл Тәжиев туралы болып отыр. Ол 2020 жылдың маусымынан бастап зейнеткерлікке шыққан. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі мәлімдеді.
Алайда коттеджді кім салды, экс-әкім оны қандай қаржыға сатып алды деген сұрақтарға облыс әкімдігінің баспасөз қызметі "ол - зейнеткер, оған мұндай сұрақты қалай қоюға болады" деп, жауап беруден бас тартқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также