22 мамыр 2017 18:55

Қазнет Назарбаевтың түрлі суреттерін талқылап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқа ел басшыларымен шет елдердегі іс-сапарларында түскен суреттерін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқа ел басшыларымен шет елдердегі іс-сапарларында түскен суреттерін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған суреттер мен стоп-кадрлар ресми түрде жарияланған суреттерден ел басыларының эмоциясымен ерекшеленген.

Осылайша мына суретте қолданушылар Нұрсұлтан Назарбаев Эр-Риядта өткен кездесуде Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Шамкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмонға қандай анекдот айтып берді деген сауалмен бас қатырған.

Мемлекет басшысы "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды. Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты. 

"Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның Премьер-Министрі Н.Шарифпен пікірлесті", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдың кейбір аспектілерін талқылады.  

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті. 

Кездесуде Қазақстан Президенті мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оның кейбір аспектілерін дамыту перспективаларын талқылады.

Ақорда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен түскен суретін жариялады.

 

Осыған дейін Желі қолданушылары Назарбаевтың Қытайға барғандағы сапарын да талқыға салған болатын. Суретте Қазақстан Президенті әріптестеріне бірдеңе айтып жатыр, болжаммен кеңес беріп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети