10 маусым 2021 | 16:14

Қазнетте 9 миллион теңгеге дейінгі параны "сыйлық" деп тану туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстандықтар Желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжановтың тоғыз миллион теңгеге дейінгі параны қылмыс деп танымау туралы ұсынысын талқылап жатыр. Жаңалықта оны "сыйлық" деп санаған дұрыс делінген, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжановтың тоғыз миллион теңгеге дейінгі параны қылмыс деп танымау туралы ұсынысын талқылап жатыр. Жаңалықта оны "сыйлық" деп санаған дұрыс делінген, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ақпарат @qazinform24 "Сатиралық контент. Фейк жаңалықтар" парақшасында жарияланған. Бұл ретте парақша тақырыбына сәйкес, шынайы жаңалықтар таратпайды.

Реклама
Реклама

Осыған сәйкес Марат Ахметжановтың ұсынысы туралы жаңалық шындыққа жанаспайды, деп жазған басылым. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында да мұндай жоспарлар туралы хабарлама жарияланбаған.

Айта кетейік, мамырда Qaznews24 Instagram-парақшасының авторы ұсталған болатын. Полиция парақшада жарияланған ақпарат "қоғам тарапынан резонанс тудырып, адамдарды арандатқанын" айтты. Парақша авторы 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.

Дерек ҚР ҚК-ның 274-бабы 2-бөлігі ("БАҚ пен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная