ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2021 | 12:30
Қазнетте Алматы облысындағы сайлау учаскесіндегі дәретхана талқыланып жатыр
Желіде Алматы облысындағы мектептердің біріндегі әйелдер дәретханасының суреті тарап жатыр. Қолданушылар көше дәретханасының жағдайына наразы. Сайлау учаскелері осы мектепте орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Алматы облысындағы мектептердің біріндегі әйелдер дәретханасының суреті тарап жатыр. Қолданушылар көше дәретханасының жағдайына наразы. Сайлау учаскелері осы мектепте орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәретхананың суреті "За нами уже выехали" Telegram-каналында жарияланды. Жазба сипаттамасында бұл Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылындағы №19 орта мектептің әйелдерге арналған көшедегі дәретханасы екені жазылған. Оқу орнында екі сайлау учаскесі - №843 және №844 орналасқан.
"Қызыл-Қайрат ауылында халық саны 12 мыңнан асады, оның ішінде 6500 сайлаушы бар. Мектепте жылу жоқ деуге болады. Жылытқыштармен ауа температурасы +12 градус болып тұр", - деп хабарлады жарияланым авторы Aiman Tursynkan.
Кейін жағдайға Талғар ауданының әкімдігі түсінік берді. Кадрларда жұмыс істемейтін дәретхана түсірілгенін, ал мектепте ыңғайлы басқа дәретханалар бар екені хабарланды. Олар көшеде де, ғимарат ішінде де орналасқан.
"Әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар жалған. Белгісіз адамдар жұмыс істемейтін дәретхананың есігін сындырып, ішке кіріп, суретке түсірген. Қолданыстағы дәретханалар мектеп ғимаратында (әйелдер мен ерлерге) орналасқан. 2016 жылы салынған сырттағы жұмыс дәретханасы да бар", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Сайлау учаскесіндегі ауа температурасы +21 градус екені хабарланды.
"Жылу қосылған. Ғимараттағы температура режимі сақтаулы", - деп толықтырды әкімдік өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также