ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2021 | 13:48
Қазнетте халық санағы мен вакцинацияның байланысы талқыланды
Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде халық санағы COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқандарды есептеу және оларды күшпен егу үшін қажет деген теорияны алға тартты. Шын мәнінде, халық санағы пандемияға дейін жоспарланып қойған және онымен ешқандай байланысы жоқ. Бұл туралы StopFake.kz жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде халық санағы COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқандарды есептеу және оларды күшпен егу үшін қажет деген теорияны алға тартты. Шын мәнінде, халық санағы пандемияға дейін жоспарланып қойған және онымен ешқандай байланысы жоқ. Бұл туралы StopFake.kz жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда халық санағы 10 жылда бір рет өтеді. Алғаш рет ол 1999 жылы 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында ұйымдастырылған. Содан кейін 2009 жылы ақпанда өтті.
Келесі халық санағы 2019 жылға белгінген болатын, бірақ процесті ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты ол кейінге қалдырылды. Бұл жолы еліміздің барлық азаматын есепке алу үшін цифрлық технологияларды пайдалану және сауалнамалардағы сұрақтар тізімін кеңейту ұйғарылды. Оған елден көшу жоспарлары, балалардың туған күндері және басқа да қосымша деректер енгізілді.
Халық санағы 2020 жылы 1-30 қазан аралығында өтуі тиіс еді. Бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты тағы да кейінге қалып, 2021 жылға ауыстырылды. Енді қазанда өтеді. 1-15 қазан аралығында қазақстандықтар sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-сауалнамаға қатыса алады. Сонымен қатар, 1-30 қазанда халық арасында офлайн режимде жаппай сауалнама жүргізіледі.
StopFake.kz мәліметінше, сауалнамаларға вакцинация туралы сұрақтар енетіні туралы еш жерде хабарланған жоқ.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация туралы қауесетті жоққа шығарды.
2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес, ҚР кез келген азаматы "емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға" құқылы. Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан хабардар түрде бас тартуға құқығы бар.
"Демек, Қазақстандағы халық санағы мен COVID-19-ға қарсы вакцинацияның байланысы - Қазнет пайдаланушыларының қиялы ғана", - делінген StopFake хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также