ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2022 | 11:48
Қазнетте Қазақстан ЕАЭО-дан шығатыны туралы фейк тарады
Telegram желісінде Қазақстанның ЕАЭО-дан шығуға бастама көтеріп жатқаны туралы ақпарат тарады. Айтуларынша, мұның себебі Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушілікте жатыр екен, - деп хабарлайды StopFake сайты.

ҚР сауда және интеграция министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазақстанның жоспары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, таратылған хабарламада Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отыр деп мәлімдеген автор өзінің дереккөздеріне сүйенеді. Бұл фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес.
Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также