10 желтоқсан 2020 | 09:22

Қазнетте "коронабизнестің" жаңа түрі пайда болды

©REUTERS

Карантин кезінде Желіде "коронабизнестің" жаңа түрі пайда болды, - деп хабарлайды "Надежда" газеті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Карантин кезінде Желіде "коронабизнестің" жаңа түрі пайда болды, - деп хабарлайды "Надежда" газеті.

Дереккөз мәліметінше, соңғы кездері Интернетте тек заттар емес, әскери билеттер, жүргізуші куәлігі, тіпті травмат қару қолдануға рұқсат беретін қағаздарды да сатып алуға болады.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік желілерде - Instagram, Facebook, Telegram желілерінде күмәнді хабарламалардың көбеюіне байланысты біз тексеріс жүргізуді бастадық. Онда алаяқтардың көбейгені анықталды. Халыққа жалған құжат дайындаған адамның жазаланатынын ескерткіміз келеді", - деді "Ақжайық - адалдық алаңы" жетекшісі Әлия Салиева.

Газет тілшісі осындай сипаттағы хабарламалардың бірін байқаған. Онда әскери билетті алған адам Заур есімді ер адамға алғысын айтады.

"Заур аға, әскери билет үшін сізге мың алғыс. Ата-анам соңына дейін сенбеген болатын. Оларға мөрі бар әскери бөлімнің құжатын көрсеткен кезде ғана сенді. Олар таңғалды", - деп жазған қолданушылардың бірі.

Дереккөз мәліметінше, Заур есімді ер адам мұндай қызметтері үшін көп ақша алмайды. Мысалы, жүргізуші куәлігі 60 мың теңге тұрады. Бірақ оны бірнеше категория бойынша алатын болса, арзанырақ беремін деп уәде береді екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная