ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қаңтар 2022 | 12:00
Қазнетте несиелерді өтеу туралы ескі фейктер тарап жатыр
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 15-іне дейін өтініш берген қазақстандықтардың барлық банктік қарызы толық өтелетіні туралы жалған хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция хабарлама авторын іздеп жатыр.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі несиелік рақымшылық жасау туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан несиелерді өтеу туралы фейк жаңалықтар шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ-тан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды", - делінген ведомстволардың бірлескен хабарламасында.
Еске салайық, былтыр желтоқсанда Қазнетте несиелерді өтеу туралы осындай ақпарат кеңінен тараған болатын. Адамдардың көбі фейкке сеніп, Алматыдағы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ғимаратына барған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также