Қазнетте Нұр-Сұлтандағы кептеліс туралы "халық" әні тарап жатыр

Қазнетте Нұр-Сұлтандағы кептеліс туралы "халық" әні тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан жолдарындағы көлік кептелісі туралы ән тарап жатыр. Автор оны халық әні стилінде орындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан жолдарындағы көлік кептелісі туралы ән тарап жатыр. Автор оны халық әні стилінде орындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликтің авторы - актер, "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов. Ол бұл видеоның бір апта бұрын Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы кеңселердің бірінен түсірілгенін айтады. Ролик кейін желіде тарап, қызу талқыланды. 

"Мынау не деген "пробка" (кептеліс - авт.)?", - деп әндетеді автор мақамын халық әндерінің стиліне салып. 

Жарнама
Жарнама

"Қайталап тыңдай беремін", "Бұл шедевр" - дейді желі қолданушылары. 

Желідегілер әртістің қалжыңын бағалап, қаладағы кептелістер мәселесін қолдаған. Көп қолданушы видео пікіріне күліп тұрған смайлдар қалдырған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама