01 маусым 2022 | 10:10

Қазнетте оқушыларға жыныстық қатынас туралы видео көрсетіледі деген ақпарат тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация

Қазнетте оқу аудиториясындағы үлкен экранда жыныстық қатынас көрсетіліп жатқаны туралы видео тарады. Желі қолданушылары мұндай видеолар қазақстандық оқушыларға да көрсетіледі деген пікір қалдырып жатыр, - деп хабарлайды stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте оқу аудиториясындағы үлкен экранда жыныстық қатынас көрсетіліп жатқаны туралы видео тарады. Желі қолданушылары мұндай видеолар қазақстандық оқушыларға да көрсетіледі деген пікір қалдырып жатыр, - деп хабарлайды stopfake.kz.

Портал мәліметінше, бұл - жалған ақпарат. Видео Ганадағы медбикелерді даярлау сабақтарының бірінде түсірілген. Яғни қатысушылардың бәрі мектеп оқушылары емес, студенттер.

"Видеоны студенттердің бірі жасырын түрде түсіріп алған, ол бірден кеңінен тарап кетті. Бұл Гана тұрғындары арасында қарама-қайшы реакция тудырды, олардың басым бөлігі болашақ медицина қызметкерлерін даярлау сапасы нашар деп мәлімдеді", - деп жазды портал тілшілері.

Реклама
Реклама

Алайда мұндай видеолар қазақстандық оқушыларға көрсетіледі деп айтуға негіз жоқ.

Бұған дейін БҒМ ата-аналардың отандық мектептерде жезөкшелік, бір жынысты қарым-қатынас және жыныстық зорлық-зомбылық туралы айтылады деген теорияларын бірнеше рет жоққа шығарған болатын.

Сондай-ақ, БҒМ мәліметінше, мектеп оқушыларына репродуктивті денсаулық туралы қажетті білім "Химия", "Биология", "Тіршілік қауіпсіздігі негіздері" және басқа да пәндер бағдарламасы шеңберінде айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная