30 наурыз 2021 12:09

Қазнетте "паразит немесе наноробот" бар масканың видеосы талқыланып жатыр

Видеодан алынған

Германиялық блогер YouTube-арнасында микроскоп арқылы медициналық масканы түсірген видеосын жариялады. Ер адам маскада талшықтардан бөлек, дем алған кезде қозғалатын қара "жіптерді" байқаған. Видео авторы оны адам ағзасына енетін "паразиттер" немесе нанороботтар болуы мүмкін деп болжаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube-арнадағы роликті қазақстандық желі қолданушылары белсенді түрде талқылап жатыр. Басылым мәліметіне сүйенсек, ақпарат шындыққа жанаспайды.

Реклама
Реклама

"Медициналық маска мен зондта және ПТР-сынамасына биоматериал алу құралында наноботтар бар деген ақпарат 2021 жылдың басында пайда болды. Зондтан алынған талшық күміс реңкке ие және қозғалады. Соған байланысты кейбір желі қолданушылары талшықтар шынымен тірі деп түйіндеген. Алайда синтетикалық талшықтың қозғалысы олардың тірі ағза екенін мүлдем дәлелдемейді. Биоматериал алуға арналған зонд полиэстер немесе вискоздан жасалған. Бұл материалдар статика зарядын жинақтай алады, сол себепті қозғалады. Сонымен қатар жұқа талшықтар адамға байқалмайтын ауа қозғалысынан қозғалуы мүмкін", - деп жазады Stopfake.kz.

Бұған дейін желіде ПТР-сынамасын алу балаларда ми жарақаты қаупін арттырады деген жалған ақпарат тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram