24 маусым 2024 | 16:16

Қазнетте такси жүргізушісі мен жолаушылар арасындағы жанжал резонанс тудырды

Фото: depositphotos.com

Қазнетте пабликтердің бірі жариялаған видео резонанс тудырды. Кадрларда ер адам мен жолаушылар арасында жанжал туғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте пабликтердің бірі жариялаған видео резонанс тудырды. Кадрларда ер адам мен жолаушылар арасында жанжал туғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан жанжал ер адам әйелдерден ақырын сөйлеуді өтінген соң туындағаны байқалады. Бірақ жолаушылар оған келіспеген, өйткені олар "оны жалдағанын" айтқаны естіледі.

Жанжал күшейіп, соңында балағат сөздер айтылады. Бір кезде такси жүргізушісі шыдамай, көлікті тоқтатып, жолаушылардан көліктен түсуді сұрайды. Осыдан кейін ол шығып, әйелдің бетіне газ баллонын бүркіп жібереді.

Реклама
Реклама

Бұл ретте пікірлер екіге бөлінген. Біреулер такси жүргізушісі дұрыс істемегенін айтса, енді біреулер ер адамды жолаушылардың өзі ашуландырды деп есептейді.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол жауапкершілікке тартылады", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная