"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы жаңа қызметке тағайындалды Фото: sk.kz

Серік Саудабаев "Энергоинформ" АҚ-ны басқарды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Саудабаев "Энергоинформ" АҚ-ны басқарды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

""Энергоинформ»" АҚ басқарма төрағасы болып бұған дейін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Саудабаев Серік Болатұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

"Энергоинформ" - "KEGOC" АҚ-ның еншілес ұйымы. Қазақстанның ұлттық энергетикалық жүйесіне қатысушылардың ақпараттық-телекоммуникациялық кешендерінің жұмысын және дамуын қамтамасыз етеді.

Жарнама
Жарнама

Серік Саудабаев 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қазанына дейін "Қазпошта" басшысы қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама