"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы ішкі істер министрінің орынбасары болды

Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сәкен Сәрсенов "Қазпоштаны" 2017 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін басқарған. "Қазпошта" басқармасының жаңа төрағасы болып ҚТЖ-ның бұрынғы басшысы Қанат Алпысбаев тағайындалды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Сәрсенов ақпарат және коммуникациялар вице-министрі (2016-2017 жылдар), инвестициялар және даму вице-министрі (2015-2016 жылдар), Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы (2014-2015 жылдар) қызметтерін атқарған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама