05 тамыз 2020 | 12:15

"Қазпоштаның" экс-басшысы ІІМ-дегі жұмысы туралы: Погон тақпаймын

Ішкі істер министрінің жаңа тағайындалған орынбасары Сәкен Сәрсенов құқыққорғау ведомствосында қандай жұмыспен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің жаңа тағайындалған орынбасары Сәкен Сәрсенов құқыққорғау ведомствосында қандай жұмыспен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ішкі істер министрлігінде жұмысқа кірістім, маған бірнеше тапсырма берілді, айтарлықтай ауқымды тапсырмалар. Ішкі істер органдарының жұмысын цифрландырудан бөлек, мен ведомствоның ішкі және сыртқы коммуникациясымен айналысамын. Министр ІІМ қызметі бойынша тұрғындармен ашық диалог құруды реттеу және ішкі істер органдарының ашық саясатын қамтамасыз етуді тапсырды.

Реклама
Реклама

Алдымда ведомствоны цифрландыру бойынша маңызды жұмыс тұр. Ол туралы сізге ақпарат беріп отырамын. Сіздердің идеяңыз бен ұсыныстарыңызды қабылдауға дайынмын және байланыста боламын.

Маған атақ (әскери - авт.) беріле ме деген көптеген сұрақ туындайды. Бірден айтқым келеді, мен азаматтық лауазымды атқарамын және погон тақпаймын", - деді Сәрсенов.

Еске салайық, Сәкен Сәрсенов 3 тамызда ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Сәкен Сәрсенов "Қазпоштаны" 2017 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін басқарған. 

Бұған дейін Сәрсенов ақпарат және коммуникациялар вице-министрі (2016-2017 жылдар), инвестициялар және даму вице-министрі (2015-2016 жылдар), Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы (2014-2015 жылдар) қызметтерін атқарған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная