"Қазір ешқандай критерий жоқ" - Цой ревакцинация туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирусқа қарсы ревакцинацияға қалай дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирусқа қарсы ревакцинацияға қалай дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ревакцинация мәселесі қазір әлемдегі барлық елде бар. Қазақстанда ғалымдар, клиниктер, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарынан жұмыс тобы құрылды. Біз жетекші халықаралық агенттіктер мен ДДСҰ-дан ақпарат сұраттық. Барлық тәжірибе жинақталады.

Қазір ешқандай критерий жоқ, өйткені COVID-19-ға қарсы ревакцинация әлемдегі жаңа тәжірибе. Біз барлық деректі біріктіргеннен кейін, жақын арада халықты иммундау жөніндегі консультативті комиссия қорытындысынан кейін, сарапшылар тобы шешім шығарады. Біз бұл туралы міндетті түрде (жұртшылыққа. - ескерт.) хабарлаймыз", - деді Цой Үкімет брифингінде.

"Бізде медициналық мекемелер дайындығы бар, барлық вакцинация пункті дайын, дәрігерлер оқытылған. Шешім анықталғаннан кейін бүкіл ел толық режимде жұмыс істейді", - деп сендірді министр.

Реклама
Реклама

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация бойынша ұсыныстар күзде белгілі болатынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама