“Қазспецэкспорт“ басшысының 1,6 миллиард теңге жымқыру ісі ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Арман Рамазанов. Фото ok.ru/arman.ramazanov

Астана мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы қаражат жымқыру дерегі бойынша резонанстық істі қарауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Астана мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы қаражат жымқыру дерегі бойынша резонанстық істі қарауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 2023 жылы Қаржылық мониторинг агенттігімен "Казспецэкспорт" РМК-ның лауазымды тұлғалары мен теріс пиғылды жеткізушілер ұсталып, әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды және сыбайлас жемқорлық деректері бойынша айып тағылған болатын.

Мемлекетке келтірілген залал 1,6 миллиард теңгеден асты.

Реклама
Реклама

Сот үкімі бойынша, "Казспецэкспорт" РМК бас директоры Рамазанов А.К. 11 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кәсіпорынның департамент директоры Кудабаев А.Т. – 10 жылға сотталды. Қалған 9 айыпталушы да әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот мемлекет пайдасына 1,6 миллиард теңге көлеміндегі азаматтық талап-арызды қанағаттандырып, жалпы құны 607 миллион теңге болатын мүлікті тәркіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама